СҚО-да химия сабағындағы жарылыстан мұғалім жараланды
Күйік шалған мұғалімнің өзіне қатысты шара қолданылуы мүмкін.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласында химия пәнінің мұғалімі сабақ үстінде жарылыс салдарынан күйік жарақаттарын алды. Оқиға 9-сыныптағы тәжірибелік көрсетілім кезінде болған.
Эксперимент барысында педагогтың киімі отқа оранған. Жалынды сыныптағы оқушылардың бірі дереу өшіріп үлгерген. Балалардың ешқайсысы жарақат алған жоқ.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиға бойынша мектептің уақытша директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал мұғалім еңбекке оралған соң қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін тәртіптік жаза алады.
Осы төтеншеден кейін өңірдегі барлық білім беру мекемелерінде қосымша өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі инструктаждары өткізілді. Полиция жүргізген тексерістің материалдары Мемлекеттік еңбек инспекциясына жолданды.
Материал авторы