Аңшы куәлігі цифрландырылды: онлайн қызметтер бойынша 66 жоба жүзеге асады

15.04.2023, 11:52
502
Аңшы куәлігі цифрландырылды: онлайн қызметтер бойынша 66 жоба жүзеге асады primeminister.kz

Мемлекеттік қызметтерді онлайнға көшіру бойынша 66 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл мемлекеттік қызметтерді онлайнға көшіру арқылы азаматтардың іскерлік және тұрмыстық мәселелерін шешуін жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталған 66 цифрлы бастама жүзеге асырылып жатыр.

photo

«Мемлекет басшысының мемлекеттік органдарға және олардың халықпен өзара байланысына бюрократия ықпалының жоғары екені туралы пікіріне сүйене отыра, сондай-ақ әлемдік тәжірибені ескеріп, сыбайлас жемқорлық пен бюрократиямен күрестегі бірден-бір тиімді жол — цифрландыру деп сеніммен айта аламыз. Біздің басты міндетіміз — әрбір азаматтың цифрландырудың нақты нәтижесін сезінуін қамтамасыз ету», - деді Ғ. Қойшыбаев.

Қазір цифрлы бастамалардың 41-і толық немесе пилоттық режимде қолжетімді. Мысалы, күні кеше Әділет министрлігі онлайн режимде нотариалды куәландырылған сенімхат беру қызметін іске қосты. Алғашқы екі күнде 60-тан астам құжат рәсімделді.

«Бұл қызметке банктер қызығушылық танытып отыр. Қазір техникалық мүмкіндіктер пысықталып жатыр. Жоспар бойынша бір айдың ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында «онлайн нотариус» қызметі пайда болуы мүмкін. Біз нотариустармен және азаматтармен кері байланыс жүргізіп жатырмыз, алғашқы оң пікірлер де бар», - деді әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі 8 жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде жалған нөмірлерден келетін қоңырауларды бұғаттау (34 млн қоңырау бұғатталды), автокөліктерді онлайн қайта тіркеу (бұл қызметті 3,7 млн азамат пайдаланды), жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру (бұл қызметті 122 мың азамат алды) және т.б. қызметтер бар.

photo

Ал, Экология министрлігі аңшы куәлігін цифрландырды. Осы құжатты рәсімдеуді жоспарлаған әр азамат 1 қаңтардан бастап, оның тек электронды түрде ғана берілетінін білуі маңызды. Бұл құжаттың қағаз нұсқасын бірге алып жүру қажеттілігін жояды. Осы ретте мұқабалы аңшы куәлігі үшін төленетін 3 АЕК мөлшеріндегі қосымша алым алынып тасталды.

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Энергетика министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар өкілдері цифрлы өнімдер туралы баяндады.

Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министрдің орынбасары Ғ. Қойшыбаев азаматтардың ұсыныстары мен шағымдарын ескере отырып, кейбір онлайн қызметтерді пысықтау қажеттігін атап өтті.

«Цифрландыру мәселесі Үкімет Аппаратының қатаң бақылауында. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру процесі үзілмеуі керек. Сондай-ақ, әр жаңа қызметтің іске қосылғаны кеңінен хабарланып, азаматтарды бұл қызметтерді қалай пайдалану керектігі туралы ақпараттандыру өте маңызды», - деді Ғ. Қойшыбаев.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды