339

"Өсім көрсеткіші 12,5%": Орталық Азия елдері бір-бірінің экономикасына қаржы сала бастады

Тікелей шетелдік инвестициялар өсіп, аймақтық экономика біртұтас бола түсуде.

"Өсім көрсеткіші 12,5%": Орталық Азия елдері бір-бірінің экономикасына қаржы сала бастады
kapital.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Орталық Азия елдері ішіндегі аймақтық тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі 1,3 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға артып, өңір елдерінің экономикалық байланыстарының нығаюын көрсетеді. Жаһандық инвестицияның төмендеуіне қарамастан, Орталық Азия елдері бір-біріне қаржы салуды арттырды.

Қазақстан мен Өзбекстан аймақтағы негізгі инвесторлар болып отыр. Қазақстанның құрылыс компаниялары әсіресе Өзбекстанда іске асырылып жатқан жобаларға үлкен қаржы салуда. Құрылыс секторы аймақта ең көп инвестиция тартқан сала болды – шамамен 440 миллион доллар. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі де маңызды сектор ретінде қарастырылады, оған шамамен 340 миллион доллар инвестиция салынды.

Бұл үрдіс Орталық Азиядағы өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларға деген қызығушылықтың артқанын және елдер арасындағы экономикалық серіктестіктің күшейгенін байқатады. Орталық Азияда инвестиция тарту қарқынының артқанына қарамастан, Еуразия аймағындағы жалпы ТШИ көлемі 48,4 миллиард долларды құрады.

Сонымен қатар, аймақтағы инвестиция құрылымында жеке компаниялардың үлесі айтарлықтай артқан. 2016 жылдан бастап, жеке сектордың салған инвестицияларының үлесі 63%-дан 72%-ға дейін өскен. Мемлекеттік қатысу қаржыландыру көлемі болса, керісінше, азайған.

Материал авторы