Айбек Смадияров Президент Әкімшілігіне басшылық қызметке келді

15.12.2025, 11:52
364
Айбек Смадияров Президент Әкімшілігіне басшылық қызметке келді gov.kz

Бірнеше жыл Сыртқы істер министрлігінің өкілі болған Смадияровтың қызметі ауысты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне жаңа тағайындау болды. Мемлекет басшысының жарлығымен Айбек Смадияров ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Айбек Смадияров 1983 жылы 7 шілдеде Алматыда дүниеге келген. Ол Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін 2004 жылы тәмамдаған.

Смадияровтың еңбек жолы әртүрлі жауапты қызметтермен толыққан. 2005 жылы Қытай банкі Қазақстандағы өкілдігінде әкімшілік департаментінде жұмыс істей бастаған ол кейінгі жылдары еліміздің сыртқы саясат саласында еңбек етті. 2006-2008 жылдары Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінде, ал 2008-2010 жылдары Еуропа департаментінің атташесі және үшінші хатшысы болып қызмет атқарды. 2010-2012 жылдары Венгриядағы Қазақстан елшілігінде үшінші хатшы ретінде жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Айбек Смадияров 2012-2013 жылдары Президент баспасөз қызметінде сарапшы ретінде жұмыс істеді. 2013-2014 жылдары Қазақстанның сыртқы саяси талдау және болжам жасау комитетінің бірінші хатшысы болды. 2014-2018 жылдары Вьетнамдағы Қазақстан елшілігінде қызмет етті. 2018-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметін басқарды, ал 2019-2023 жылдары министрлік жанындағы халықаралық ақпарат комитетінде баспасөз хатшысы ретінде қызмет атқарды.

2023 жылдан бастап, Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінің коммуникациялар департаментінің директоры және ресми өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар, 2025 жылдың наурыз айынан бастап ол халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Енді, аймақтық және ішкі саясатқа қатысты аса маңызды бағытта жаңа жауапкершілікті арқалап, Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне келіп отыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды