353

Астанада ер адам кофехананы тонауға әрекет етті (ВИДЕО)

Кофейняға баса көктеп кірген ер адам ұсталды

Астанада ер адам кофехананы тонауға әрекет етті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 45 жастағы ер адам Қошқарбаев көшесінде орналасқан бір кофехананың есігін бұзып, ішке кіріп кеткен. Полицияның мәліметінше, қылмыскер алкогольдік масаң күйде болған және мекемеге заңсыз кіру үшін есіктің құлпын зақымдаған. Құқық қорғаушылар ер адамды дер кезінде ұстап, сот шешімімен оны 10 күнге қамауға алды.

Жалпы, биылғы жылы Астанада ұқсас 251 оқиға тіркелген. Оның 136-сына қатысты қылмыскерлер қамауға алынған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 3300-ден астам ұсақ бұзақылық әрекеттерді анықтап, 1500-ден астам жағдай бойынша сот арқылы арест рәсімін жүзеге асырған.

Қаладағы құқық қорғау органдары тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтауды еске салып, адамдардың жеке және қоғамдық мүліктерін қорғау қажеттігін тағы да атап өтті. Әр түрлі бұзақылық әрекеттердің салдары заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.

Материал авторы