Халық жаппай депозитке ақша салып жатыр

15.12.2025, 15:01
327
Халық жаппай депозитке ақша салып жатыр SMARTNEWS.KZ коллажы

Елімізде депозитке сұраныс артып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың 10 айында Қазақстандағы жеке тұлғалардың депозиттер көлемі 2,1 триллион теңгеге ұлғайып, жалпы көлемі 26,6 триллион теңгеге жетті. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры мәлімдеді.

Депозиттердің негізгі өсуі теңгедегі салымдардан байқалады. Тенгеге салынған депозиттер көлемі 2,2 триллион теңгеге артқанымен, валюталық депозиттер керісінше төмендеген. Бұл құбылыстың себебі негізінен ұлттық банк тарапынан екі рет көтерілген базалық пайыздық мөлшерлемеге байланысты. Осылайша, банктер депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені арттырды.

Жеке тұлғалардың депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемесі 0,3%-дан 6,8%-ға дейін өскен. Кейбір депозит өнімдері бойынша жылдық кірістілік 20%-ға дейін жетеді. Бүгінде көпшілік депозиттерінің мөлшерлемесі инфляция деңгейінен жоғары болып тұр, бұл халықтың жинақтарын сақтау мен нақты табыс табуына мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар валюталық депозиттерден ауытқып, тенгеге көбірек ақша сала бастады. 2025 жылдың қараша айына дейін долларизация деңгейі 22,5%-ға дейін төмендеп, бұл тарихи минимум болып тіркелді. Бұған валюталық салымдар үшін ұсынылған төмен пайыздық мөлшерлемелер де әсер еткен болуы мүмкін.

Банктер тек пайыздық мөлшерлемелермен ғана емес, сонымен қатар клиенттерге көрсетілетін қызметтермен де бәсекелесуде. Осыған байланысты қазақстандықтар өз жинақтарын бірнеше банк арасында бөліп салатын болды. 2025 жылдың 10 айында жеке тұлғалар ашқан депозиттік шоттардың саны 30,2%-ға артып, 220,3 миллионға жетті. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш тек 11,5%-ға ғана өскен.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды