516

Астанада автобус жарық бағанасына соғысып қалды

Жүргізуші автобусты басқара алмай қалғаны айтылды.

Астанада автобус жарық бағанасына соғысып қалды
t.me/astanovka98

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Астанада қоғамдық көлік апатқа ұшырады. Жүргізуші басқаруды жоғалтып, автобус көше жарығының бағанасына соғылды. Бұл туралы Астана полиция департаменті мәлімдеді.

Жол апаты Мәңгілік Ел мен Керей және Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында орын алған. Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, автобус жолда келе жатып, бағананы соғып кеткен.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Істің мән-жайы тексерілуде. Полицияның айтуынша, қоғамдық көліктің жүргізушісі Iveco маркалы автобусты басқару кезінде рульге ие бола алмай, көлік жарық бағанасына соғылған.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша қажетті тексерулер жүргізіліп жатыр.

Материал авторы