338

Ақтауда мұнай иісі сезілді: Экологтар көзге көрінбейтін қауіптің себебін іздеуде

Экологтар мен прокуратура бірлесіп мониторинг жүргізді.

Ақтауда мұнай иісі сезілді: Экологтар көзге көрінбейтін қауіптің себебін іздеуде
instagram.com/mangystau_ecology_department

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда тұрғындарды алаңдатқан өткір, жағымсыз иістің шығу көзі әлі табылған жоқ. Қала халқы 15 желтоқсан кешкісін ауада тұншықтырған мұнай өнімдерінің иісі сезілгенін хабарлаған.

Lada.kz дерегінше, 15 желтоқсан күні сағат 23:00 шамасында қала аумағын өткір иіс жайлаған. Тұрғындардың айтуынша, ауада анық мұнай мен жанар-жағармайға тән иіс сезілген.

16 желтоқсанда Маңғыстау облыстық экология департаменті мамандары арнайы табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп, Ақтау қаласының өзінде және оған іргелес елді мекендерде атмосфералық ауаның жағдайына мониторинг жүргізді.

Ауа сынамалары «Рекон-Ақтау» ЖШС, «Oil Transshipment» ЖШС, «ҚазАзот» АҚ, 6/114 өндірістік аймағы, сондай-ақ «KAZпол» ЖШС аумағында алынды.

Экология департаментінің мәліметінше, зертханалық талдау нәтижесінде атмосфералық ауадағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерінен асу деректері тіркелмеген. Дегенмен, мониторингтік шаралар жалғасып жатыр.

Бұған дейін Ақтау маңында аңшы жарылмаған оқ-дәріге ұқсас зат тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Материал авторы