Зайнутдиновтың құны құлдырады: Соңғы бес жылдағы ең төмен көрсеткіш

17.12.2025, 10:49
292
Зайнутдиновтың құны құлдырады: Соңғы бес жылдағы ең төмен көрсеткіш instagram.com/bateka_11

Бақтияр Зайнутдинов антирекорд орнатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Transfermarkt порталы Ресей премьер-лигасында (РПЛ) өнер көрсететін футболшылардың жаңартылған трансферлік бағасын жариялады. Бұл тізімде Қазақстанның үш ойыншысы бар.

Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы ең нәтижелі футболшы Бақтияр Зайнутдинов 300 мың еуроға арзандады. Қазіргі таңда 27 жастағы жартылай қорғаушының трансферлік құны 2,5 миллион еуро деп бағалануда. Бұл — оның соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіші.

Маусымаралық кезеңде Зайнутдинов түркиялық «Бешікташтан» Мәскеудің «Динамо» клубына ауысқан болатын. Алайда жарақатына байланысты ол 19 қазаннан бері алаңға шыққан жоқ. Ұзақ үзіліс футболшының нарықтық бағасына тікелей әсер еткені байқалады.

Ал Санкт-Петербургтің «Зенит» клубында ойнайтын қорғаушы Нұралы Әліп пен Грозныйдың «Ахмат» командасының шабуылшысы Максим Самородовтың трансферлік құны өзгеріссіз қалды. Екеуі де 2,5 миллион еуроға бағаланған.

Аталған үш қазақстандық футболшының барлығы трансферлік құны бойынша тек алматылық «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтан кейін тұр. Жас ойыншының бағасы қараша айында 3 миллион еуроға дейін өскен еді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді