Ұшақ салонындағы күмәнді иіс: Air Astana рейсі не себепті тоқтатылды?
Әуекомпания салонда түтін емес, техникалық жүйеден тараған бөгде иіс тіркелгенін мәлімдеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақта болған оқиға туралы ақпарат берді. Компания өкілдері ұшақтың қайтып оралуы туралы шешімнің экипаждың бастамасымен қабылданғанын мәлімдеді.
Авиакомпанияның хабарлауынша, ұшақ кондиционер жүйесінде «иіс» пайда болғандықтан, экипаж қауіпсіздік мақсатында қайта оралу туралы шешім қабылдаған.
"Ұшақтың капитаны ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматыға қайта оралу туралы шешім қабылдады. Қону қалыпты жағдайда, жергілікті уақытпен 07:40-та жүзеге асырылды", - деп мәлімдеді компания.
Жолаушыларға ыстық және салқын сусындар, сонымен қатар жеңіл тағамдар ұсынылды. Астанаға қайта ұшақ басқа әуе кемесімен 10:15-те ұшып кетеді.
Бұл жағдайға қатысты техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын қосып өтті әуекомпания өкілдері.
Бұған дейін Қоғамдық көлік және көлік министрлігі Алматыдан Астанаға ұшқан Air Astana ұшағының салондағы түтіннің салдарынан төтенше жағдай сигналы жібергенін хабарлаған болатын.
Материал авторы