Қостанайлық мұғалім әріптестерін алдап, миллиондарды ұрлаған
Мұғалім әріптестерінің жеке деректерін пайдаланып несие алған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысындағы бір мектептің мұғалімі әрі кәсіподақ төрағасы онлайн несиелерді әріптестерінің атынан рәсімдеп, оларды алдаған. Бұл іс Қостанай қаласындағы №2 сотта қаралды.
2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың наурызына дейін Қостанай облысындағы білім басқармасына қарасты мектепте жұмыс істеген С. есімді мұғалім әрі сол мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы өз әріптестерінің жеке деректеріне қол жеткізіп, оларды алдады. Кәсіподақтың қаржылай көмегі деп, сондай-ақ басқа да ойдан шығарылған сылтаулармен, ол әріптестерін микроқаржы ұйымдарына онлайн несиелер рәсімдеуге көндірді.
«Мектеп қызметкерлері, оның жаман пиғылын сезбей, оған сеніп, кәсіподақтың көмек көрсету процедурасына қатысып жатқанын ойлап, онлайн видеоверификациядан өтті. Кейіннен мақұлданған несиелер С. есімді әйелдің есепшотына аударылды. Одан кейін тек бір бөлігі ғана қызметкерлерге материалдық көмек ретінде беріліп, қалған қаржыны ол өз еркімен пайдаланды. Осылайша, С. микрофинанс ұйымдарына жалпы сомасы 3,6 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірді. Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін білдірді», – делінген соттың хабарламасында.
Сот айыпталушының жасаған әрекетіне қатысты жазаны анықтағанда, оның кінәсін толық мойындап, өкінгенін жеңілдік ретінде ескерді. Ауырлататын жағдайлар анықталмады.
Соттың барлық жағдайды ескеріп, қылмыстың қоғамға тигізетін әсерін сараптай келе, айыпталушы С-ға 3 жыл 6 айға бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оған пробациялық бақылау орнатып, кәсіподақ төрағасы лауазымын 5 жылға атқаруға тыйым салды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай амнистияға байланысты, С-ның жазасы бір бөлігін қысқартып, 2 жыл 9 ай 18 күнге дейін шектелген.
Жәбірленуші тараптың азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Материал авторы