Тоқаевтың Жапонияға сапары: 3,7 млрд долларлық келісімдер күтілуде

18.12.2025, 09:40
308
Тоқаевтың Жапонияға сапары: 3,7 млрд долларлық келісімдер күтілуде Ақорда

Токио мен Астана арасында ірі экономикалық серпіліс болмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында жалпы құны 3,7 млрд АҚШ долларынан асатын коммерциялық келісімдерге қол қою жоспарланып отыр. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Токио қаласында Мемлекет басшысы жапондық ірі бизнес өкілдерімен жеке кездесулер өткізеді. Нәтижесінде энергетика, жаңартылатын энергия көздері, цифрландыру, тау-кен өндірісі және көлік салаларын қамтитын 40-тан астам құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

Қазақстан тарапынан келісімдерге «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-Кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» секілді ұлттық компаниялар қатысады. Жапония жағынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power, RIKEN KOGYO және өзге де алпауыт корпорациялар бар.

Президент сапарының бағдарламасы ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулерге толы. Бұл сапар Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен келді. Күн тәртібінде экономикалық серіктестікті кеңейту, «Орта дәлізді» дамыту, инвестициялық жобалар және технологиялық әріптестік мәселелері тұр.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)