Путин Украинадағы соғысқа АҚШ-тың бұрынғы билігін кінәлады

18.12.2025, 09:51
520
Путин Украинадағы соғысқа АҚШ-тың бұрынғы билігін кінәлады Sefa Karacan / Anadolu Agency

Ресейді соғысқа әдейі итермеледі дейді Путин.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа Батыс пен АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігі тікелей себепкер болды деп мәлімдеді. Бұл туралы ол 17 желтоқсанда Мәскеуде өткен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Путиннің сөзінше, Батыс елдері Ресейдің әлсіреуін күтіп, «елдің күйреуінен пайда көргісі келді». Алайда, оның айтуынша, бұл жоспар іске аспаған.

«Көпшілік Ресей қысқа уақытта ыдырайды деп ойлады. Еуропадағы кейбір күштер де осы үмітпен әрекет етті. Бірақ Ресей бұл қысымға төтеп берді», — деді ол.

Ресей басшысы Мәскеу әрдайым дауларды дипломатиялық жолмен шешуге ұмтылғанын айтып, АҚШ-пен диалогта белгілі бір ілгерілеу барын жеткізді. Ал Еуропалық одақ елдерімен қарым-қатынас Украинаға қолдау көрсетуіне байланысты жақсармағанын атап өтті.

Путиннің айтуынша, Ресей «қарулы қақтығысқа амалсыздан баруға мәжбүр болды». Ол бұл үшін Батысты және нақтырақ айтқанда АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден әкімшілігін айыптады.

Сонымен қатар Ресей президенті 2025 жыл қорытындысы бойынша «арнайы әскери операцияның» барысын оң бағалады. Оның мәлімдеуінше, ресейлік әскер майдан шебінің барлық бөлігінде стратегиялық бастаманы өз қолында ұстап отыр және Украина аумағында 300-ден астам елді мекен бақылауға алынған.

Путин Батыстың Ресей мен НАТО арасындағы ықтимал соғыс туралы мәлімдемелерін «өтірік әрі сандырақ» деп атады.

Осы арада Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сүйеніп, АҚШ Ресей Украинамен бейбіт келісімді қабылдамайтын болса, жақын арада жаңа санкциялар енгізуі мүмкін екенін хабарлады. Әңгіме, ең алдымен, энергетика секторына, сондай-ақ «көлеңкелі флот» деп аталатын ресейлік танкерлер мен қаржылық операцияларға қатысы бар трейдерлерге қатысты шектеулер туралы болып отыр. Мәскеу бұл жоспарлардан хабардар екенін растады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды