Түркістан облысында көпір құлады: Келес ауданында қозғалыс тоқтады

18.12.2025, 11:56
262
Түркістан облысында көпір құлады: Келес ауданында қозғалыс тоқтады әлеуметтік желіден

Апатқа көпірдің ұзақ жылдар бойы пайдаланылуы себеп болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Келес ауданындағы Қошқарата ауылында Келес өзені үстінен өтетін көпір құлады. Оқиғаға дейін көпірде жарық пайда болып, қауіпсіздік мақсатында қозғалыс уақытша тоқтатылған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің, полицияның және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеуде. Жағдай толық бақылауға алынған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, көпірдің құлауына оның ұзақ жылдар бойы пайдаланылуы және тірек бағандарының астыңғы бөлігінің шайылуы себеп болған. Аталған нысан Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының балансында болған.

Қазір көпірге шұғыл жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Алпамыс пен Біртілек ауылдық округтері арқылы қатынау уақытша айналма жолдармен жүзеге асырылуда. Айналма бағыттардың ұзындығы шамамен 10–15 шақырымды құрайды. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды