Шымкентте «MacCoffee» атауымен жасырын кофе өндіру цехы әшкереленді

18.12.2025, 16:44
316
Шымкентте «MacCoffee» атауымен жасырын кофе өндіру цехы әшкереленді ҚР Әділет министрлігінің Баспасөз қызметі

Заңсыз өндірілген өнімдер шағын дүкендер арқылы сатылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қалалық әділет органдары мен полиция департаменті жүргізген бірлескен жедел тексеріс нәтижесінде контрафактілік өнім өндіру фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді.

Тексеру барысында тез еритін «3/1» кофе өнімін «С» есімді азаматтың жеке гаражда дайындағаны белгілі болды. Өнімге пайдаланылған шикізаттың сапасы күмән тудырады, ол алдын ала дайын қаптамалар түрінде сатып алынған. Заңсыз цехта дайын қоспаны термотігіс арқылы орау, қаптау және өзге компанияға тиесілі тауар белгісін жапсыру жұмыстары жүргізілген.

Анықталған контрафактілік өнімдер Шымкент қаласындағы шағын дүкендер мен сауда нүктелері арқылы сатылған. Тексеру нәтижесінде «MacCoffee» 3/1 тауар белгісі бар 4 мыңнан астам дайын орама, сондай-ақ өндірістік жабдықтар — термотігіс аппараты, таразы және қаптама материалдары тәркіленді.

Құқық иеленуші тараптың ресми мәліметіне сәйкес, тәркіленген өнімдер белгіленген сапа стандарттарына сәйкес келмейді және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне нақты қауіп төндіруі мүмкін.

Аталған дерек бойынша «С» есімді азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы — «Өзге біреудің тауар белгісін заңсыз пайдалану» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан