752

Трамп қол қойды: Украинаға әскери көмек көрсетілетін болды

Киевке арналған әскери көмек бюджетте жеке көрсетілді.

Трамп қол қойды: Украинаға әскери көмек көрсетілетін болды
AP Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дональд Трамп АҚШ-тың 2026 қаржы жылына арналған қорғаныс бюджетін бекітті. Құны 900 миллиард доллардан асатын құжатта Украинаға әскери көмек көрсету де қарастырылған. Атап айтқанда, 400 миллион доллар Киевке арналған қару-жарақ жеткізілімдеріне бағытталмақ.

АҚШ-тың қорғаныс шығындарын айқындайтын бұл құжаттың көлемі үш мың беттен асады. Онда 2026 жылға арналған әскери бюджет 901 миллиард доллар деңгейінде бекітілген. Бұл көрсеткіш президент әкімшілігі бастапқыда сұратқан сомадан 8 миллиард долларға көп.

Бұған дейін, жаз айларында, АҚШ пен НАТО Украинаға әскери қолдау көрсетудің жаңа тетігін іске қосқан еді. Жаңа схемаға сәйкес, қару-жарақ сатып алуды қаржыландыру міндетін Еуропа елдері мен Канада өз мойнына алады, ал үйлестіру мен жеткізу АҚШ арқылы жүзеге асады.

Қыркүйек айының ортасында Пентагон осы тетік аясында жалпы сомасы 500 миллион долларды құрайтын алғашқы екі әскери жеткізілімді мақұлдаған. Жаңа бюджет бұл бағыттағы қолдаудың жүйелі түрде жалғасатынын көрсетіп отыр.

Материал авторы