554

Әлем чемпионаты: 5-партияда ресейлік шахматшы жеңіске жетті

Бүгін, 15 сәуірде Астанада шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы атағы үшін матчтың 5-ойыны өтті. Бұл партияда ақ фигуралармен ойнаған гроссмейстер Ян Непомнящий қарсыласы – қытайлық Дин Лижэньді ұтып кетті, деп хабарлайды smartnews.kz Сhampionat сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионаты: 5-партияда ресейлік шахматшы жеңіске жетті
smartnews.kz

 Шахматтан әлем чемпионаты – 2023. Бесінші партия.

Дин Лижэнь (Қытай) – Ян Непомнящий (Ресей) – 0:1.

Бұл жеңіс ресейлік шахматшыға титулдық матчта қайта алға шығуға мүмкіндік берді, есеп – 3:2.

6-партия ертең, 16 сәуірде өтеді. Ян Непомнящий қара фигуралармен ойнайды.

Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «өлім партиясы» бар.