Басы даудан арылмаған Черчесов қазақ тілін неге үйренбегенін ашық айтты

Азиз Қалижан Редактор
19.12.2025, 10:53
380
Басы даудан арылмаған Черчесов қазақ тілін неге үйренбегенін ашық айтты kff.kz

Бұрынғы бапкер тіл мәселесіне қатысты ойын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов елімізде жұмыс істеген кезеңін еске алып, қазақ тілін не себепті меңгермегенін түсіндірді. Бұл туралы ол журналист Асланбек Бадаевқа берген сұхбатында айтты.

Черчесовтің айтуынша, Қазақстанда жүргенде қазақ тілін үйренуге талпыныс жасаған, алайда бұл бағыттағы жетістігі мардымсыз болған. Сұхбат барысында журналист одан мемлекеттік тілді неге толық меңгермегенін тікелей сұрады.

Бапкер өз жауабында халықаралық тәжірибесіне тоқталып, бұған дейін Мажарстанда әртүрлі елден жиналған футболшылармен жұмыс істегенін айтты. Оның сөзінше, ол кезде бір командада жиырмаға жуық мемлекет өкілдері болған. Осы себепті Черчесов кәсіби жолында ортақ тіл ретінде орыс тілді ортада жұмыс істеуді қалағанын жасырмады.

Черчесов Қазақстанды орыс тілді ел деп қабылдағанын, алайда жұмыс барысында тілдік ерекшеліктерге байланысты белгілі бір түсінбеушіліктер туындағанын мойындады. Оның айтуынша, ол ойыншылармен немесе әріптестерімен орыс тілінде сөйлесіп тұрғанда, жауаптың қазақ тілінде қойылуы кейде жұмыс ырғағын қиындатқан.

Сонымен қатар Черчесов өзінің де осетин тілінде сөйлейтінін атап өтіп, ана тілінің маңызын жақсы түсінетінін жеткізді. Дегенмен, оның пікірінше, кәсіби ортада бәрін біріктіретін ортақ тіл қажет. Ол бұл сөздерін ешкімді ренжіту ниеті болмағанын, айтылған пікірлер дұрыс түсінілмеуі мүмкін екенін ескертумен түйіндеді.

Еске салайық, Станислав Черчесов 2025 жылдың қаңтарында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Кейінірек ол бұл шешімнің себептеріне де тоқталған еді. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады