Gemini жасанды интеллекті қазақ тілінде іске қосылды

19.12.2025, 11:35
772
Gemini жасанды интеллекті қазақ тілінде іске қосылды gov.kz

Қазақ тілі Gemini 3 буынында қолдау тапқан 23 тілдің қатарына енді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Google компаниясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Gemini жасанды интеллект моделін қазақ тілінде іске қосты. Бұл қадам компанияның ең озық ЖИ шешімдерінің тілдік қолдауын кеңейтуге бағытталған жаһандық стратегиясының бір бөлігі болып отыр.

Қазақ тілі Gemini-дің үшінші буынын іске қосу аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді. Осылайша, Қазақстандағы пайдаланушылар енді Gemini мүмкіндіктерін әлемдегі ең кең таралған тілдермен тең дәрежеде, ана тілінде қолдана алады.

Қазіргі уақытта Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі веб-нұсқада қолжетімді. Қызметті пайдалану үшін Google аккаунтының тіл баптауларынан қазақ тілін таңдау жеткілікті. Алдағы кезеңде Android және iOS платформаларына арналған қолдау, сондай-ақ Gemini Live сервистерін іске қосу жоспарланып отыр.

Gemini-дің қазақ тілінде қолжетімді болуы Google-дың Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі саналады. Бұл бастама кадр даярлау, цифрлық құзыреттерді арттыру және отандық әзірлеушілерді қолдау бағыттарын қамтиды.

Компанияның бағалауынша, жасанды интеллектіні мемлекеттік секторға кеңінен енгізу басқару тиімділігін арттырып, бюджет жүйесінің тұрақтылығын нығайтады және ел экономикасының өсуіне қосымша серпін береді.

Ал ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәлімдеуінше, жаһандық ЖИ шешімдерінің қазақ тілінде қолжетімді болуы — цифрлық мемлекетті қалыптастыру, технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті ұлттық AI-экожүйе құру жолындағы маңызды кезең.

Министрлік жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық өнімдерді локализациялау және жаңа буын мамандарын даярлау бағытында халықаралық технологиялық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастыратынын атап өтті. 

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады