277

Анасы мен бес бала: БҚО-дағы улану ісі бойынша жаңа дерек белгілі болды

Оқиғаның алдын ала себебі белгілі болды.

Анасы мен бес бала: БҚО-дағы улану ісі бойынша жаңа дерек белгілі болды
mgorod.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында бір отбасындағы бес баланың улануына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Алдын ала дерек бойынша, балалар газдан уланған болуы мүмкін. Бұл туралы облыстық балалар көпсалалы ауруханасының директоры Сержан Есенгубеков мәлімдеді.

Медицина мекемесінің хабарлауынша, бір отбасының бес баласы 18 желтоқсан күні кешкі уақытта ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр, балалар тұрақты медициналық бақылауда.

Аурухана басшысының айтуынша, отбасыдағы ең үлкен бала — 13 жаста, ал ең кішісінің жасы — 2-де. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Балалардың анасы қалалық көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның жағдайына қатысты қосымша мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында бір отбасының балалары жаппай уланғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде уланудың нақты себебі белгісіз болатын. Аймақтың білім басқармасы балалардың дәрігерлер бақылауында екенін және жағдайлары тұрақты екенін хабарлаған. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор