Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро бөлетін болды

19.12.2025, 14:11
367
Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро бөлетін болды AP Photo / Carolyn Kaster

ЕО Ресей активтері туралы келісе алмаса да, Украинаға несие беруді шешті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропалық одақ Украинаға 2026–2027 жылдарға арналған 90 млрд еуро көлеміндегі қаржыландыруды мақұлдады. Бұл шешім Брюссельде өткен ЕО саммитінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша қабылданды.

Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта 19 желтоқсанға қараған түні әлеуметтік желідегі парақшасында Украинаға ірі көлемде қаржылай қолдау көрсету жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын мәлімдеді. Алайда ол қаржыландырудың нақты тетігін ашып айтқан жоқ.

Reuters агенттігінің мәліметінше, саммит барысында Украинаға ЕО-ның ортақ бюджеті кепіл болатын бірлескен қарыз алу тетігі келісілген. Германия канцлері Фридрих Мерцтің айтуынша, Украина бұл қарызды тек Ресей соғыс салдарынан келтірілген шығынды өтегеннен кейін ғана қайтаруы тиіс. Егер Мәскеу өтемақы төлеуден бас тартса, қарызды өтеу үшін Еуроодақта бұғатталған ресейлік активтер пайдаланылмақ.

Айта кетейік, саммиттің алғашқы күнінде ЕО көшбасшылары Ресейдің бұғатталған активтерін тікелей Украинаға көмек ретінде пайдалану жөнінде ортақ шешімге келе алмады. Осыған байланысты балама нұсқалар, соның ішінде ЕО атынан қарыз алу мәселесі қаралды.

AFP агенттігіне сұхбат берген еуропалық шенеуніктің айтуынша, «репарациялық несие» тетігі қосымша талдауды қажет етеді, себебі бұл механизмнің құқықтық және қаржылық салдары әлі толық пысықталмаған.

Бұған дейін Еурокомиссия Украинаға қаржыландырудың екі нұсқасын ұсынған болатын: біріншісі — ЕО бюджеті кепіл болатын қарыз, екіншісі — Еуропада бұғатталған Ресей Орталық банкінің активтері есебінен берілетін «репарациялық несие». Алайда екінші нұсқаға Бельгия қарсы шықты, себебі ел юрисдикциясындағы Euroclear депозитарийінде шамамен 185 млрд еуро көлеміндегі ресейлік активтер сақтаулы. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды