532

Марқұм Айзат Жұманованың ауруханадағы видеосы сотта көрсетілді (ВИДЕО)

Сотта көрсетілген кадрлар қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Марқұм Айзат Жұманованың ауруханадағы видеосы сотта көрсетілді (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысында ауруханада түсірілген бейнежазба көрсетілді. Видеода әйелдің соққыдан кейінгі ауыр халін айқын көрсететін кадрлар бар.

Сот барысында жарияланған бейнежазбада Айзат Жұманованың ауруханаға мүгедектер арбасымен жеткізілген сәті көрінеді. Біраз уақыттан кейін оның жұбайы әйелдің маңдайынан сүйіп, палатадан шығып кеткені кадрға түскен. Аталған видео кейін әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Еске салайық, Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында аса ауыр қылмыс тіркелген. 32 жастағы Айзат Жұманова алған көптеген жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Марқұмның туыстары оның өлімі ұзақ уақытқа созылған қорлық пен жүйелі соққының салдары екенін мәлімдеген.

Қылмысқа қатысты күдік марқұмның жұбайы Айбар Жанболатқа түсті. Қазіргі таңда іс сотта қаралып жатыр. Тергеу мен сот процесі қоғамның жіті бақылауында. 

Материал авторы