Атырау облысында күмәнді жағдайда жоғалған аңшы өлі күйінде табылды
Атырауда жоғалған аңшының қазасы расталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында аңшылық кезінде күмәнді жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды. Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаменті растады.
Полиция мәліметінше, Жылыой ауданында қамыс арасынан 1964 жылы туған ер адамның мәйіті анықталған. Аталған азамат 15 желтоқсаннан бері іздеуде болған.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жария етілмейді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші