SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде 22 желтоқсанда ауа райы күрт нашарлайды. Синоптиктер ел аумағында тұман, көктайғақ, қар, жаяу бұрқасын және екпінді жел күтілетінін ескертеді.
Оңтүстік өңірлерде, соның ішінде Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Шымкент, Тараз қалаларында тұман мен көктайғақ болжанған. Таулы аудандарда қар жауып, жол қозғалысы қиындауы мүмкін.
Батыс және солтүстік аймақтарда жағдай күрделірек. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында қар, жаяу бұрқасын мен қатты жел күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 25–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бұл өңірлерде көріну қашықтығы төмендеп, трассаларда көктайғақ қалыптасады.
Шығыс Қазақстан, Абай және Алматы облыстарында қар мен тұманға қоса, екпінді жел күтіледі. Таулы аудандарда көктайғақ қаупі жоғары. Өскемен, Семей, Алматы, Қонаев қалаларында жол жағдайы қиындауы ықтимал.
Маңғыстау мен Атырау облыстарында тұман мен көктайғақ сақталады, ал Ақтауда жел күшейеді.
Елордада 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда аса сақ болуды, ал алыс сапарларды кейінге шегеруді ұсынады.
RUS