389

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

Қытайдағы жер сілкінісінің дүмпуі Алматыға жетті.

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді
Zakon.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 желтоқсанға қараған түні Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 22 желтоқсан күні Астана уақытымен 02:16-да тіркелген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан.

Сейсмикалық оқиғаның магнитудасы mb=5.0, энергетикалық класы K=11.5. Алматы қаласында жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілген.

Қазіргі таңда қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Материал авторы