410

Енді халық жеке куәлікті тегін ала алады

Жеке куәлікті онлайн алу мүмкіндігі де сақталады.

Енді халық жеке куәлікті тегін ала алады
staffingbulletin.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылдан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті алғаш рет алу және оның жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ауыстыру үшін мемлекеттік баж төлемейді.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның ақпаратынша, жаңа тәртіп 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Өзгерістер азаматтардың құжат алу процесін жеңілдету және қаржылық жүктемені азайту мақсатында енгізілген. Жеке куәлік алғаш рет рәсімделгенде де, мерзімі өтіп, жоспарлы түрде ауыстырылған жағдайда да тегін дайындалады.

Миграциялық қызмет комитетінің төрағасы Аслан Аталыковтың айтуынша, дәл осы екі жағдай бойынша мемлекеттік баж алынбайды. Ал өзге себептермен құжатты ауыстыру қолданыстағы тәртіппен жүзеге асады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жеке куәлікті онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылғаны хабарланған болатын.

 

Материал авторы