Сауд Арабиясы өлім жазасына кесуден жаңа рекорд орнатты

22.12.2025, 10:28
462
Сауд Арабиясы өлім жазасына кесуден жаңа рекорд орнатты MARTIAL TREZZINI / KEYSTONE

Жазаланғандардың жартысынан астамы шетел азаматтары болып шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сауд Арабиясы бір жыл ішінде орындалған өлім жазалары саны бойынша өз тарихындағы рекордты жаңартты. Құқық қорғау ұйымдарының дерегінше, жазалардың басым бөлігі есірткіге қатысты қылмыстар үшін жүзеге асқан.

BBC мәліметіне сүйенген Reprieve британдық құқық қорғау ұйымы биыл корольдікте кемінде 347 адам өлім жазасына кесілгенін тіркеген. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы 345 үкімнен асып түсіп, бақылау басталғалы бергі ең қанды жыл ретінде бағаланып отыр.

Соңғы үкімдер есірткі қылмыстары үшін сотталған Пәкістанның екі азаматына қатысты орындалған. Бұған дейін билік журналисті, сондай-ақ наразылық акцияларына қатысы бар деген айыппен, қылмыс жасалды делінген кезде кәмелетке толмаған екі жасты өлім жазасына кескен. Сонымен қатар бес әйел де жазаланған.

Ұйым дерегінше, өлім жазасына кесілгендердің шамамен үштен екісі есірткіге байланысты істер бойынша сотталған. Бұл БҰҰ пікірінше, халықаралық құқық нормалары мен стандарттарына сәйкес келмейді. Сондай-ақ жазаланғандардың жартысынан астамы – шетел азаматтары.

Сауд Арабиясының ресми билігі өлім жазалары санының күрт өсуіне қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Басылым еске салғандай, 2017 жылдан бері тақ мұрагері атанған Мұхаммед бин Салман елде ауқымды реформалар жүргізіп, бірқатар әлеуметтік шектеулерді жұмсартты. Әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берілді, діни полицияның ықпалы азайды, корольдік сыртқы әлемге ашыла түсті.

Алайда Human Rights Watch ұйымының бағалауынша, елдегі адам құқықтарының жағдайы әлі де алаңдатарлық деңгейде, ал өлім жазасының жоғары көрсеткіші халықаралық қауымдастықты қатты алаңдатып отыр. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, соңғы жылдары тек Қытай мен Иранда ғана өлім жазасы бұдан көп орындалған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды