Алматыда студент оқытушыға пышақпен шабуыл жасады
Жазғы семестрге қалдырғаны үшін оқытушыны пышақтаған көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жоғары оқу орнының студенті өз оқытушысына пышақпен шабуыл жасады. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап, кейін ресми органдармен расталды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал оқытушының студентті жазғы семестрге қалдыруынан кейін туындаған. Күдікті шабуылды университет ғимаратындағы дәретханада жасағаны айтылып отыр. Әлеуметтік желілерде шабуылға күдіктінің ұсталған сәті бейнеленген видео да жарияланды.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары әзірге нақтыланбаған.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді.
«Аталған факті бойынша Алмалы ауданы Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Материал авторы