Мәскеуде жоғары лауазымды генерал көлігі жарылып, қаза тапты

22.12.2025, 14:40
305
Мәскеуде жоғары лауазымды генерал көлігі жарылып, қаза тапты mr-7.ru

Көлігінің астына жарылғыш зат қойылған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәскеуде жоғары лауазымды ресейлік генерал көлікке қойылған жарылғыштың жарылуы салдарынан қаза тапты. Қайғылы оқиға дүйсенбі күні таңертең болғанын ресми органдар растады.

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, Ресей Қарулы күштері Бас штабының Оперативтік дайындық басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Фаниль Сарваров өзіне тиесілі автокөліктің астына орнатылған жарылғыш құрылғы іске қосылған сәтте ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Жарылыс салдарынан маңайда тұрған бірнеше көлік зақымданған. Құқық қорғау органдары оқиға орнын қоршап, жарылған автокөлік пен оған іргелес аумақты криминалистік тексеруден өткізді.

Тергеу деректеріне сәйкес, бұл қастандық соңғы бір жыл ішінде Ресейде жоғары шенді әскери қызметкерлерге қарсы жасалған үшінші шабуыл болуы мүмкін. Бұған дейін де офицерлердің тұрғын үйлері маңында осындай сипаттағы екі оқиға тіркелген.

Қазіргі таңда жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептері мен орындаушыларын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды