SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 23 желтоқсанға арналған дауылды ескертулер жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген өңірінде тұман, көктайғақ, қар, жаяу бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі.
Жетісу облысының шығысында және таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей уақытта 23–28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Шымкент, Түркістан, Ақтау қалаларында түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жекелеген өңірлерде көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, жаяу бұрқасын, тұман және желдің күшеюі болжанып отыр. Кей өңірлерде жел екпіні 20–25 м/с-ке дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар), бұрқасын, көктайғақ және тұман болады. Атырау облысында да тұман мен көктайғақ сақталады.
Астана қаласында 23 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі, желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Алматы қаласы мен Алматы облысының оңтүстігі және таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Мамандар тұрғындарды жолға шыққанда барынша сақ болуға, алыс сапарларды кейінге қалдыруға және ауа райы туралы ресми ескертулерді ескеруге шақырады.
RUS