Трамп Тоқаевқа Ақ үйдің кілтін сыйлады
АҚШ Президенті Тоқаевты жоғары бағалап, естелік сыйлық табыстады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтонда Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясовпен қысқа әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Оваль кабинетінде өткен қараша айындағы кездесуі жайлы пікірін білдірді.
Әңгіме сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін өткен. Дональд Трамп Қазақстан Президентіне жеке жылы лебізін жолдап, оның кәсіби деңгейі мен адами қасиеттеріне жоғары баға берген.
АҚШ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «керемет тұлға әрі тәжірибелі мемлекет қайраткері» деп атап, оның халықаралық үдерістерді терең әрі байыппен түсінетінін ерекше айтты.
Сонымен қатар Дональд Трамп Мемлекет басшысына бірнеше естелік сыйлық жолдаған. Олардың қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен АҚШ Президентінің жеке қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.
Материал авторы