Конституциялық Сотқа жыл басынан бері 2400-ге жуық өтініш түскен

16.04.2023, 13:28
499
Конституциялық Сотқа жыл басынан бері 2400-ге жуық өтініш түскен smartnews.kz

Конституциялық Сотқа жыл басынан бері 2400-ге жуық өтініш түскен, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Биылғы 4 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін азаматтардан 2 386 өтініш түскен. Оның 358-і қазір «Конституциялық Сот туралы» Заңның талаптарына сәйкестігі қаралу кезеңінде. Судьялардың зерделеуіне өткен өтініш саны 34-ке артқан.

Өтініштер мазмұнына келсек, соттардың шешімдерін қайта қарау – 43%, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету – 3,6%, еңбек және зейнетақы заңнамасы шеңберінде құқықтарын қорғау – 2%, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы құқықтарды қорғау – 1,4% және т.б. Ал, 22%-ы нормативті құқықтық акті немесе оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес емес деп тану мәселелері бойынша жүгінген.

Өңірлерден түскен өтініштерді апта сайын талдау қорытындысы бойынша белгілі болғаны, олардың басым бөлігі Астана және Алматы қалаларынан, Қостанай, Қарағанды мен Жамбыл облыстарынан.

Осы жылғы 1 қаңтардан бастап Конституциялық Сот 8 нормативтік қаулының ішінен азаматтардың өтініштері бойынша 5 нормативтік қаулы шығарды. Конституциялық Сот Салық кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексінің, мемлекеттік қызмет, зейнетақымен қамсыздандыру және қылмыстық іс жүргізу кодексі саласындағы заңдардың, Әлеуметтік кодекстің және Әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Заңның жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексерді.

Айта кетсек, Конституциялық сот Президенттің өтініші бойынша Парламент қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарады.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды