Ақтаулық жас ғалым лейшманияға қарсы фитопрепарат ойлап тапты

16.04.2023, 14:43
755
Ақтаулық жас ғалым лейшманияға қарсы фитопрепарат ойлап тапты Мәншүк Ибраеваның жеке мұрағатынан

Ақтаулық жас ғалым Мәншүк Ибраева вербаскум өсімдігіне зерттеу жүргізіп, лейшмания ауруына қарсы фитопрепарат дайындады. Препарат дертке қарсы күшті белсенділік көрсеткен, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Мәншүк Ибраева – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып, ғылым жолында тәжірибесін жетілдірген маман. Оның ғылыми бағыты – табиғи қосындылардың химиясы немесе фитохимиялық зерттеулер.

photo

«Ғылыми бағытым бойынша өсімдіктердің құрамынан дәрілік заттарды аламын. 2015 жылы Қытайға барып, артемизия өсімдігінің құрамын зерттедім. Нәтижесінде, бактерияға қарсы өнім шықты. Ал, 2016 жылы Пәкістандағы Карачи университетінде вербаскум өсімдігіне зерттеу жүргіздім. Құрамынан бұрын әлемде келтірілмеген жаңа екі зат алынды. Сол заттардан фитопрепарат дайындадым. Ол лейшмания ауруына қарсы күшті белсенділік көрсетті. Нәтижелерінің барлығы патенттелді. Осылайша, SCOPUS базасына материалдар шыққан еді. Мұндай нәтижеге қолжеткізу үшін тынымсыз еңбек, ізденіс, ерік-жігер мен шыдамдылық қажет. Осы қасиеттер әрбір ғалымнан табылса, шығар шыңымыз биік болар еді», - дейді ол.

photo

Қазіргі таңда Мәншүк Ибраева Маңғыстау өсімдіктерінің құрамын зерттеу үшін тәжірибелік-ботаникалық бақпен бірлесе жұмыс істеуге ниетті. Ғалымның айтуынша, Маңғыстау – аридті зона, өсімдіктері ащы, бактерияларды өлтіруге және адам ағзасына пайдалы. Сондықтан, алдағы жоспары бойынша жергілікті жерде өсетін өсімдіктердің құрамына зерттеу жүргізіп, жаңа нәтиже шығармақ.

Айта кетейік, жалпы Маңғыстауда 150-ге жуық ғалым бар.

photo
Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды