Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамына кірді
«Самұрық-Қазына» құрамында тәуелсіз директорлар саны артты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл шешім 2025 жылғы 20 желтоқсандағы Үкімет қаулысына сәйкес қабылданды.
Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінде сегіз адам бар, олардың төртеуі тәуелсіз директор. Мұндай құрылым корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес келеді және стратегиялық шешімдерді тиімді қабылдауды қамтамасыз етеді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші