Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында дәмхана иесі шетелдік азаматты пышақтады
Вокзалда моңғолиялық азаматқа қастандық жасалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында шетелдік азаматқа пышақпен шабуыл жасалды. Оқиға 23 желтоқсан күні вокзал аумағындағы Kazakh Food кафесінде болғанын Orda.kz хабарлады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Моңғолия азаматы дәмханаға кірген кезде мекеме иесімен жанжал туындаған. Соңы төбелеске ұласып, кәсіпкер қонаққа пышақ сілтеген. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
Көлік полициясы департаментінің хабарлауынша, күдікті оқиға орнында жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Материал авторы