Инсульт алған «Рэкетир» жұлдызы Мұрат Бисембиннің жағдайы белгілі болды

24.12.2025, 09:57
623
Инсульт алған «Рэкетир» жұлдызы Мұрат Бисембиннің жағдайы белгілі болды әлеуметтік желіден

Актердің бұған дейін қатерлі ісікке шалдыққаны айтылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның белгілі актері Мұрат Бисембиннің қызы Сафия әкесінің ауруханаға түсуіне байланысты жұртшылыққа үн қатты. Ол қиын сәтте қолдау білдіріп жатқан жанкүйерлерге алғысын жеткізген.

23 желтоқсанда Сафия әлеуметтік желідегі парақшасында әкесімен бірге түскен суретін жариялап, тек жақсыға сенетінін жазды. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген ізгі тілектер мен дұғалардың отбасы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Ең қымбатым. Ең сүйіктім. Ең мықты адам. Әлемнің әр түкпіріндегі жақсы жандар дұға жасап, жақсыға сеніп отыр. Баршаңызға қолдауларыңыз, сенімдеріңіз бен дұғаларыңыз үшін шексіз алғыс айтамын. Бұл біз үшін баға жетпес. Барлығы жақсы болады. Әмин», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары актерге тезірек сауығып кетуін тілеп, қолдау білдірді. Кейбірі Мұрат Бисембин түскен фильмдерді қайта прокатқа шығарып, түскен қаражатты оның оңалтуына бағыттауды ұсынды.

Еске салсақ, 21 желтоқсанда «Рэкетир» культтік дилогиясында қылмыстық топ жетекшісі Русланның рөлін сомдаған актер инсульт алып, ауруханаға жеткізілген еді. Бұған дейін Сафия әкесінің жағдайы бірде жақсарып, бірде күрделеніп жатқанын айтқан. Ол әкесін рухани да, физикалық тұрғыдан да өте мықты адам деп сипаттаған.

2024 жылдың күзінде Мұрат Бисембинге қатерлі ісік диагнозы қойылғаны белгілі болды. Денсаулығына байланысты актер бірқатар жобадан бас тартып, кей түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды