337

Ақтөбеде 12 адамның өмірін жалмаған жол апаты бойынша сот басталды

Сот процесі жүк көлігі жүргізушісінің қатысуынсыз өтеді.

Ақтөбеде 12 адамның өмірін жалмаған жол апаты бойынша сот басталды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласында 23 қазан күні Самара–Шымкент тасжолында болған резонанс жол-көлік оқиғасы бойынша сот процесі басталды. Апат кезінде DAF жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын «ГАЗель» соқтығысты. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кеткен.

Жол апатынан екі көлік жүргізушісі мен «ГАЗель» жолаушыларының 10-ы, барлығы 12 адам қаза тапты. Олардың арасында 9 және 3 жасар екі бала, сондай-ақ анасымен бірге қайтыс болған 18 жастағы студент бар. Алты жолаушы түрлі жарақат алған, соның ішінде 16 жастағы жасөспірім бар.

«ГАЗель» Әйтеке би ауданының Жүргенев атындағы елді мекенінен облыс орталығына күнделікті қатынайтын рейс жасап жүрген. Бұл бағыт 2025 жылғы маусым айынан бастап қайта іске қосылған болатын. 23 қазан күні автобус мақсатқа жетпей, апатқа ұшырады.

Осы оқиға бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп, қазір материалдар сотқа жолданды. Қылмыстық іс ҚР ҚК 345-бабы бойынша («Көлік қозғалысы ережелерін бұзу, екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда») қозғалған. Сот процессі жүк көлігінің жүргізушісі қатыспайтын жағдайда қаралады.

Материал авторы