333

Нидерланд мен Бельгия Қызылқұп шатқалын әлемдік журналдардың басты бетіне шығарды

Басылымдар Маңғыстау табиғатын әлемге таныстырды.

Нидерланд мен Бельгия Қызылқұп шатқалын әлемдік журналдардың басты бетіне шығарды
@qaztourism

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бенилюкс елдерінің жетекші туристік басылымдары Қазақстанның Маңғыстау облысын шетелдік аудиторияға тартымды бағыт ретінде көрсетті. Нидерланд пен Бельгияның журналдары өңірдің экспедициялық әлеуетін, ерекше табиғи ландшафттарын насихаттады.

Нидерландтың Travel Book журналы Маңғыстау мен Астанаға жеке материал арнап, жаңа шығарылымның басты визуалдық тақырыбын Қызылқұп шатқалы пейзаждарына бөлді. Мақала авторлары Бозжыра, Торыш және Қызылқұп шатқалдарының таңғажайып көріністерін атап өтті:

«Маңғыстауды көбіне Марспен немесе Аймен салыстырады. Мұндағы пейзаждар мүмкін емес көрінеді. Бозжыра алқабы – ақ шатқалдар мен таңғажайып жартастар. Қызылқұп – қызғылт, қызыл және терракота реңктері бар таулар. Ең таңқаларлығы – Торыштағы «Шарлар алқабы», онда мыңдаған мінсіз дөңгелек тастар бар».

Сондай-ақ, бельгиялық Papillio лайфстайл-журналы Маңғыстауды сирек кездесетін ландшафттары бар туристік бағыт ретінде таныстырды. Журналдың таралымы шамамен 280 000 дана, және ол Қазақстанның табиғи бірегейлігін әлемге көрсетуге бағытталған.

Өңір туралы визуалды материалдар халықаралық She Is Not Lost платформасында да жарияланып, нәзік жанды саяхатшылар қауымдастығының назарын аударды.

Материал авторы