395

Павлодарда оқушыларға вейп сатумен айналысқан топ ұсталды

Заңсыз айналымнан 400 млн теңгеден астам өнім тәркіленді.

Павлодарда оқушыларға вейп сатумен айналысқан топ ұсталды
бейнежазбадан / @afm_rk

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мектеп оқушылары мен студенттерге вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады.

Топ Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы курьерлік жеткізу тәсілін пайдаланған. Тәркіленген заңсыз өнім көлемі 53 мыңнан астам бірлікті құрап, жалпы құны 400 миллион теңгеден асты.

Қылмыстық табысты заңдастыру үшін күдіктілер дропперлердің банк карталарын қолданған. Сот санкциясымен қылмыстық кірістерге сатып алынған үш автокөлік («Toyota Land Cruiser», «Toyota Highlander», «Chevrolet Camaro») тыйым салынды. Төрт күдікті қамауға алынды.

Қаржы мониторингі агенттігі хабарлағандай, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Материал авторы