Салтанат Нүкенова туралы кітап шығарған Айтбек Амангелді сынның астында қалды
Марқұмның ағасын «бауырының өлімін бизнеске айналдырды» деп айыптады желі қолданушылары.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Салтанат Нүкеноваға арналған кітапқа қатысты қызу пікірталас басталды. Оның бауыры Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында «Салтанат» атты кітаптың 7 мың данамен басылып, сатылымға шыққанын хабарлады.
Алайда жарияланым желі қолданушыларының арасында қарама-қайшы реакция тудырды. Бір топ пікір жазушылар Айтбекті бауырын еске алу арқылы жеке пиар мен ақша табу әрекетінде деп айыптады:
«Қайғылы оқиға жеке ауыртпалық, оны өз жарнамасына айналдыруға болмайды», «Бұл кітап қазір Салтанат жайлы емес, жеке пиар туралы», «Егер шынайы қайғы болса, ол дұға етіп, қайырымдылықпен айналысар еді, кітап сатпай» — деп жазды.
Сонымен қатар, кейбір желі қолданушылары кітапты еске алу және қайғыны жеңу формасы деп қорғады:
«Бұл кітап — мәңгілік естелік», «Ол ең жақын адамының қазасын бастан өткерді, қайғысын өзі шешуге құқылы», «Бәлкім, бұл бизнес емес, шын қайғы» — деп пікір білдірді.
Талқылауға қатысқан бір автор кітаптың баспадан шығуы сирек жағдайда ғана пайда әкелетінін, жобаның шығыны 8 млн теңгеден асқанын, бір данасының өзіндік құны 255 мың теңгеден жоғары екенін айтты. Сондықтан кітапты «бизнес» деп қарастыру әділетсіз дейді ол.
Материал авторы