397

23 жастағы азаматты қайықпен қағып өлтірген ер адам сотталды

Су қауіпсіздігін бұзған жүргізуші сот алдында жауап берді.

23 жастағы азаматты қайықпен қағып өлтірген ер адам сотталды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қонаев қаласының соты Қапшағай су қоймасында қайық апатынан қаза тапқан 23 жастағы азаматқа қатысты үкім шығарды.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметі бойынша, 2025 жылғы 2 шілдеде күдікті катерді жалға беру кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған. Ол қайықты қараңғы уақытта жүргізіп, рұқсат етілген жолаушылар санынан асып кеткен. Осы әрекеті салдарынан суға шомылып жүрген 23 жастағы азаматқа соққы түсіп, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан.

Мемлекеттік айыптаушы соттан 3 жылға бас бостандығынан айыру және 3 жыл бойы су көліктерін пайдалана алмау жазасын сұраған. Сот шешімі бойынша айыпталушы 2 жылға сотталды және 2 жыл бойы су көліктерімен қызмет көрсетуге тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енді, күдікті сот залында қамауға алынды. 

Материал авторы