Жоғары аудиторлық палата 2 трлн теңгеден астам қаражаттың тиімсіз пайдаланылғанын анықтаған
Қаражатты тиімсіз пайдаланғандар жауапкершілікке тартылды дейді Әлихан Смайылов.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жоғары аудиторлық палата 2025 жылғы аудит қорытындыларын жариялады. Мәжілістің отырысынан кейін БАҚ-қа берген брифингте палата төрағасы Әлихан Смайылов ведомствоның жұмысының алдын ала нәтижелерін айтты.
19 желтоқсан жағдайы бойынша палата 71 трлн теңгеден астам қаражатты қамтыған 32 аудиттік іс-шараны аяқтаған. Аудит нәтижесінде 2 трлн теңгеден аса қаржылық бұзушылықтар мен тиімсіз пайдаланулар анықталды.
Нәтижесінде:
193 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
204 адам әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке алынды;
Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар 70 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі (44 материал жолданды, 26-сы қаралуда).
«Бұл жұмыс тұрақты жүргізіліп, қатаң бақылауда болады», — деді Әлихан Смайылов.
Материал авторы