328

Атбасарда түрмедегілерді азаптады деп айыпталған 12 қызметкер ақталып шықты

Алқабилер 12 айыпталушыны кінәсіз деп таныды.

Атбасарда түрмедегілерді азаптады деп айыпталған 12 қызметкер ақталып шықты
stan.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Тергеу органы оларды Атбасар қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға тыйым салынған ықпал ету тәсілдерін қолданды деп айыптаған. Айып Қылмыстық кодекстің 146-бабы, 3-бөлігінің 1-тармағы — «азаптау» бойынша тағылған.

Алайда істі қарау қорытындысында алқабилер сотталушылардың кінәсіз екенін таныды. Кеңесу бөлмесінде дауыс беру нәтижесінде қылмыс оқиғасының болмағаны және айыпталушылардың әрекетінде қылмыстық құрам жоқ деген шешім қабылданды.

Дауыс беруге 10 алқаби мен 1 судья қатысқан. Әрқайсысы бір дауысқа ие болып, ешқандай артықшылық қарастырылмаған.

Сот үкімімен ҚАЖК-ның 12 қызметкері толық ақталып, оларға оңалту құқығы берілді. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы