«Египетте демалып жүргенде...»: әнші Шахизада Мбаппемен суреті үшін сынның астында қалды
Ұят қой дейді әншінің оқырмандары.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Шахизада Байпатшанова Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасанды интеллект көмегімен әзірленген фотосуретті жариялап, көпшіліктің сынына ұшырады.
Кадрда ол әлемге әйгілі футболшы Килиан Мбаппемен құшақтасып отырғандай бейнеленген.
Жазбаның сипаттамасында әнші «Жақында Египетте демалып жүргенде атақты футболшы Мбаппемен фотоға түсіп едім, бұл да бір естелік болып қалды» деп жазған.
Алайда желі қолданушылары бұл суретті шынайы деп қабылдамады. Жазбаның астында фотомонтажға қатысты күмән білдірген және әншінің әрекетін орынсыз санаған пікірлер көбейді. Оқырмандар «Бұл жай ғана фото ма?», «Фотошоп қой», «Өзіңіз танымал әншісіз, ұят емес пе?», «Монтажы жақсы жасалған», «Бала сияқты қылық» деген мазмұнда пікір қалдырған.
Материал авторы