Қар, бұрқасын, көктайғақ: 25 желтоқсанда елде ауа райы күрт бұзылады

25.12.2025, 08:50
320
Қар, бұрқасын, көктайғақ: 25 желтоқсанда елде ауа райы күрт бұзылады Kenny Holston / The New York Times

Қазақстанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 25 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» таратқан дауылды ескертулерге сәйкес, бірнеше облыста қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман және қатты жел болжанып отыр.

Маңғыстау облысында түнде және күндіз көктайғақ, тұман мен бұрқасын күтіледі. Жел бағыты өзгеріп, екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Ақтауда да жолдар тайғақ болады.

Қызылорда, Атырау облыстарында және Қызылорда, Атырау қалаларында тұман мен көктайғақ болжанады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында көктайғақ пен тұман байқалады, жекелеген аудандарда жел күшейеді.

Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауып, бұрқасын соғады. Желдің екпіні кей өңірлерде 20 м/с-ке дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, аяз 30 градусқа дейін күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жаяу бұрқасын, тұман және қатты жел күтіледі. Абай облысының Жарма ауданында жел екпіні 28 м/с-ке дейін күшеюі ықтимал.

Алматы, Жетісу, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы, Қонаев, Шымкент және Түркістан қалаларында тұман түсіп, таулы аймақтарда жолдар тайғақ болады. Жел екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Астанада қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с-ке дейін күшеюі ықтимал.

Мамандар тұрғындарды алыс жолға шыққанда сақ болуға, ауа райы жағдайын ескеруге және төтенше жағдай қызметтерінің ескертулерін қатаң ұстануға шақырады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды