395

UFC Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевты тексерді

UFC файтерлері жыл ішінде бірнеше рет тексеруден өткен.

UFC Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевты тексерді
instagram.com/shavkatrakhmonov94

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC файтерлер Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев осы аптада допингке кезекті тексеруден өтті. UFC Drug Testing Watch әлеуметтік желіде файтерлердің допинг-тестін бақылайтын аккаунт арқылы ақпарат таратты.

Рахмонов үшін бұл 2025 жылы төртінші тексеру болса, ең жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Алмабаев үшін жыл ішіндегі бұл алтыншы тексеру болды.

Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсанында өткізген, онда ирландиялық файтер Иэн Гэриді төрешілердің бір ауыздан шешімімен жеңді. Асу Алмабаев соңғы рет 22 қарашада октагонға шығып, америкалық Алекс Пересті удушаушы әдіспен жеңген.

Материал авторы