439

Астанада ерлікпен қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Ұлдана үстіне тұрғын үйдің қасбеті құлаған адамдарды құтқарамын деп жүріп көз жұмған еді.

Астанада ерлікпен қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
Астана әкімдігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада қалалық жедел медициналық көмек станциясының ғимаратына фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Салтанатты шараға денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, марқұмның анасы, туыстары және әріптестері қатысты. Медициналық қызметкерлер тақтаға гүл шоғын қойып, кейін Астанадағы Шейх Кунта Қажы мешітінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ марқұмға арнап дұға оқыды.

Ұлдана Мырзуан жедел жәрдем қызметінде төрт жыл жұмыс істеген. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, жасына қарамастан ол жоғары білікті маман болған, кәсіби адалдығымен ерекшеленіп, төтенше жағдайларда тәуелсіз шешім қабылдауға қабілетті болған.

2025 жылдың 8 қарашасында Тәуелсіздік даңғылындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы құлап, бес адам зардап шеккен. Олардың арасында оқиға орнына келген екі фельдшер болған, біреуі жабық бас ми жарақатын алған. Дәрігерлер трепанация жасап, гематоманы алып, қан тоқтатты. Алайда Ұлдана Мырзуан 18 қарашада өмірден озды. Сол күні Қазақстан Президенті оған қаза болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медаль табыс етті.

Материал авторы