1125

«Не шегеді екен?»: Әнші Жанар Айжанованың қызы ерекше суреттерімен талқыға түсті

Блогердің жаңа жылдық образы жұртты екіге бөлді.

«Не шегеді екен?»: Әнші Жанар Айжанованың қызы ерекше суреттерімен талқыға түсті
instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова Жаңа жыл қарсаңында ерекше образдағы фотосуреттерін жариялап, әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсті.

Айжұлдыз жариялаған кадрлар стандартты мерекелік фотолардан өзгеше стильде түсірілген. Ол суреттерге қоса жаңа жылға қатысты ой-толғамын да жазды. Айтуынша, 2026 жыл — өткенді артта қалдырып, жаңа энергиямен, жаңа болмыспен алға қадам басатын кезең.

«2025 жыл ескі, өткен шақты кілттеп, жаңа энергиямен, жаңа өзіңмен танысатын уақыт. 2026 — көп нәрсе өзгеретін, адам құлпырып, жаны тазалық пен шабытқа, ойы жақсылық пен жаңа ақпаратқа, ал жүрегі рахым мен бейбітшілікке толатын уақыт», — деп жазды ол.

Алайда желі қолданушыларының назары философиялық мәтіннен гөрі фотосессияның көркемдік шешіміне ауған. Кейбір кадрлардағы символика көпшілікке түсініксіз болып, түрлі пікірге жол ашты.

Пікір қалдырғандардың бір бөлігі Айжұлдыздың батыл стилін қолдап, оның ерекшелігін атап өтті.

«Осы қызға қарап өмірге шабытың ашылады», «Біртүрлісің, бірақ соныңмен ұнайсың», «Әр суретің ойландырып жібереді», — деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар фотосессиядағы жекелеген детальдар сынға да ұшырады. Кейбір оқырмандар композиция мен символиканы түсіне алмағанын жасырмады.

«Нанды неге аяқ астына қойып суретке түсті?», «Тым артық кетпеді ме?», «Бұл образдың мағынасы қандай?» — деген сауалдар жиі кездесті.

Тіпті кейбір пікірлер иронияға толы болды.

«Не шегеді екен? Мен де соны көргім келеді», — деп жазғандар да бар.

Осылайша Айжұлдыз Адайбекова кезекті рет өз стилі арқылы қоғам назарын аударып, әлеуметтік желідегі талқылаудың ортасына айналды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор