Ақмола облысында жұмысшы мектептен қару ұрлаған

26.12.2025, 11:19
332
Ақмола облысында жұмысшы мектептен қару ұрлаған Almaty.tv

Жұмысшы қаруларды терезе арқылы ұрлап кеткені белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының Макинск қаласындағы мектептен оқу-жаттығу қаруын ұрлаған ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Almaty.tv арнасы жеткізді.

Сот шешімімен күдіктіге үш жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау енгізілді. Сонымен қатар ол мәжбүрлі қоғамдық жұмыстарға тартылатын болды.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам оқу орнында жөндеу жұмыстарын жүргізуге ресми түрде кіргізілген. Осы мүмкіндікті пайдаланған ол мектеп мүлкін заңсыз иемденіп, ғимараттың терезесі арқылы сыртқа алып шыққан.

Ұрланған заттардың қатарында Калашников автоматының оқу үлгісі мен бірнеше пневматикалық спорттық мылтық бар. Келтірілген материалдық шығын көлемі 300 мың теңгеден асты.

Қару-жарақтың жоғалғаны анықталған соң мектеп әкімшілігі полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген.

Ақмола облыстық полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Абдрахманованың айтуынша, ұрлық фактісі тергеу барысында толық дәлелденген. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды