Астанада қалың қар: CTS жолда мұқият болуға және бағдарды алдын ала жоспарлауға шақырды

17.04.2023, 11:15
567
Астанада қалың қар: CTS жолда мұқият болуға және бағдарды алдын ала жоспарлауға шақырды Instagram/astana_sergek

15 cәуірге қараған түні Астанада қар жауа бастады. 17-сіне қараған түні тағы жауған. Бүгін таңертең жолдарда қозғалыс қиындап, көліктер кептеліп тұрып қалып жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік пен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Автобустар кешігіп жүріп жатыр. Қаладағы кейбір көшелерде жүру тіптен қиындады.

City Transportation Systems Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейтінін хабарлап отыр. 

CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарды алдын ала жоспарлауға шақырды.

"Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн режимде бақылайтынын атап өту қажет", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар CTS 04:45-те ауа-райының қолайсыздығына және тас жолдардың жабылуына байланысты, №№300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 318, 322, 327, 328 қала маңы бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Басқа қала маңы бағдарлары линияға шығады.

Ал Instagram-дағы astana_sergek паблигі қаладағы жағдайдан фото, видеолар жариялап, тұрғындарға ескерту жасап жатыр.

"Одан да шаңғымен жүрген жақсы. Бүкіл Астана бір орында тұр, қозғалмайды", - деп жазылған паблик жариялаған фотолардың сипаттамасында.

Қалада электрсамокат айдап жүргендер де бар. Себебі көлікпен де, жаяу да қолғалу дәл қазір ыңғайсыз болып тұр.

Үш күн бойы Астанада 37,6 мм қар түсті. Жауын-шашын нормасы айына - 22 мм. Елордадан ұшатын және елордаға ұшып келетін рейстер кешігіп жатыр. Рейс кестесін тексерген абзал.

Еске сала кетейік, Елордада бірінші ауысымдағы оқушылар ауа райына байланысты онлайн оқиды.

Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады